Sauat.kz

Мұғалімдерге тегін

Жазу дағдыларын тексерудің жаңа мүмкіндігі

Уақыт үнемдеңіз — нәтиже алыңыз!

Диктант мәтінін жүктеп, оқушыларға сілтеме жіберіңіз. Әр оқушы қатесін бірден көреді, ал сіз бүкіл сыныптың нәтижесін бір бетте аласыз.

  • Көшіру бұғатталады
  • Оқушыға аккаунт керек емес
  • Нәтиже бірден

Мұғалім қаламымен тексергендей

Оқушы жұмысы мектеп дәптеріндегідей көрсетіледі: қате әріп сызылады, дұрысы үстіне жазылады.

  • уү Қате әріп сызылып, дұрысы үстіне жасылмен жазылады
  • қ Түсіп қалған әріптің орны белгіленеді
  • , Тыныс белгі қатесі бөлек түспен көрінеді
  • Қате сөздерді оқушы үш рет қайта жазып, бекітеді
аАлтын куүз келді,. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсе бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Үш қадам

Сабаққа дайындық бірнеше минут алады.

  1. 1

    Мәтінді жүктеңіз

    Сынып тізімін бір рет енгізіп, диктант мәтінін қойыңыз.

  2. 2

    Сілтемені жіберіңіз

    Оқушылар сілтемені телефоннан немесе компьютерден ашып, өз атын таңдайды.

  3. 3

    Нәтижені көріңіз

    Тапсырған бойда әр оқушы қатесін көреді, сіз бүкіл сыныптың кестесін аласыз.

Адал жазу және қауіпсіздік

Әр баға — оқушының өз еңбегі

Жүйе көшіріп жазуға жол бермейді, ал оқушылар туралы тек ең қажетті дерек сақталады.

  • Көшіру мен автотүзету бұғатталады

    Мәтінді қою, телефонның сөз ұсынуы мен автотүзетуі өшіріледі.

  • Беттен шыққаны есептеледі

    Оқушы басқа қосымшаға ауысса, мұғалім оны нәтиже кестесінен көреді.

  • Мәтін тапсырғанша жасырын

    Диктанттың дұрыс мәтіні оқушы жұмысын тапсырғанша браузерге жіберілмейді.

  • Деректер аз әрі қорғаулы

    Оқушыға аккаунт, email немесе телефон керек емес. Әр мұғалім тек өз сыныбын көреді.

Sauat.kz —

білім сапасын арттырудың сенімді көмекшісі

Тегін тіркелу